Жамбыл ауданындағы Айдарлы елді мекенінде өткен кездесуде Конституциялық реформаның дайындалу кезеңдері мен мазмұны туралы кеңінен ақпарат берілді.
Коалиция мүшелері жоба кезең-кезеңімен әзірленгенін, 130 сарапшыдан тұратын Конституциялық комиссия жұмыс істегенін және 10 мыңнан астам ұсыныс қаралғанын айтты.
Коалиция мүшесі Райхан Жаныбекова қоғамдық талқылаудың маңызын ерекше атап өтті.
«Бұл құжат тар шеңберде дайындалған жоқ. Ұсыныстар арнайы порталдар арқылы қабылданып, комиссия отырыстарында қаралды. Әрбір бап сарапшылар сүзгісінен өтті. Сондықтан жаңа Конституция – қоғамның кең қатысуымен қалыптасқан құқықтық келісім. 15 наурыздағы референдум – сол келісімді халықтың тікелей бекіту кезеңі», – деді ол.
Тұрғындар референдумға қатысу – азаматтық жауапкершілік екенін атап өтті.


