Среда, 25 февраля, 2026
Басты бетAtamekenҚарғалы ауылдық округінде орналасқан №3 орта мектепте Жаңа Конституциялық реформаларға байланысты жиналыс...

Қарғалы ауылдық округінде орналасқан №3 орта мектепте Жаңа Конституциялық реформаларға байланысты жиналыс өтті.

Іс-шараға ауыл тұрғындары, жастар, ата-аналар және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.
Жиналыс барысында қоғамдық пікір көшбасшылары сөз сөйлеп, Конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту және қоғамның саяси белсенділігін арттыру мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, реформалардың ел дамуына қосатын үлесі, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызы ерекше атап өтілді. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Жиналыс қорытындысында Жаңа Конституциялық реформалардың ел болашағы үшін маңызды қадам екені айтылып, түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатыны жеткізілді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments