Пятница, 27 февраля, 2026
Басты бетЖаңалықтар📌 2026 жылғы 26 ақпанда «Жасөспірім және заң: Қауіпсіз қоғам – ортақ...

📌 2026 жылғы 26 ақпанда «Жасөспірім және заң: Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік» атты құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық біріккен форум өтті.

Форум барысында Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ-нің «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры баяндама жасап, некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері көтерілді.

Кездесудің мақсаты – аталған құқық бұзушылықтар үшін заңнамалық жауапкершілік туралы түсіндіру, туындаған мәселелерді талқылау және жастар арасында адам құқықтары жөнінде ақпарат беру.

Қазіргі қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, оның ішінде некеге мәжбүрлеу, сталкинг, психологиялық және физикалық қысым көрсету өзекті мәселе болып отыр. Мұндай жағдайларда жәбірленушілер құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдауға мұқтаж.

«Отбасын қолдау орталығының» негізгі мақсаты – жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өмірін қайта қалыпқа келтіруге қолдау көрсету. Аудан көлемінде орталық полиция қызметкерлерімен және ауылдық округтердегі мобильдік топтармен бірлесіп жұмыс атқаруда.

Дабыл түскен жағдайда мобильдік топ мүшелері жедел түрде оқиға орнына барып, бекітілген алгоритмге сәйкес қажетті көмектер көрсетеді.

🤝 Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments