– Халықаралық әйелдер күніне орай Аналарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындары жиналып, аяулы аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Ақ жаулықты аналарға жүрекжарды тілектер айтылып, алғыс білдірілді. Өнерпаздар ән шырқап, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекелік кештің басты мәні – аналардың қоғамдағы рөлін дәріптеу, бірлік пен ынтымақты нығайту, ел болашағына жауапкершілікпен қарау екенін айқындау болды.
Ана – отбасының тірегі, елдің берекесі. Барша аналарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарына шаттық пен амандық тілейміз! 🌷
Мәтібұлақ ауылында Референдумды қолдау және 8 наурыз
RELATED ARTICLES


