Четверг, 5 марта, 2026
Басты бетЖаңалықтар«Дарабоз» базарында референдум

«Дарабоз» базарында референдум

«Дарабоз» базарында референдум мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті. Кездесуге округ әкімінің орынбасары мен округ әкімдігі аппаратының бас маманы қатысып, алдағы референдумның маңызы мен ерекшеліктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында базардағы тұрғындар мен кәсіпкерлерге референдумға қатысудың маңыздылығы, дауыс беру тәртібі және азаматтардың құқықтары жөнінде ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Шараның басты мақсаты – тұрғындардың саяси белсенділігін арттыру және референдум туралы толық әрі дұрыс ақпарат беру болды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments