Суббота, 7 марта, 2026
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында Жаңа Конституцияны қолдау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Алматы облысында Жаңа Конституцияны қолдау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

 

Алматы облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының белсенділері жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.

Өңірдің қалалары мен аудандарында коалиция еріктілері көшелерде, қоғамдық орындарда және халық көп шоғырланатын нүктелерде ақпараттық плакаттар жапсырып, тұрғындарға арнайы дайындалған үгіт материалдарын таратуда. Сонымен қатар тұрғындармен тікелей сөйлесіп, алдағы республикалық референдумның маңызы мен Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіруде.

Белсенділердің айтуынша, Жаңа Конституция – елдегі заң үстемдігін күшейтіп, азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам.

 

Айта кетейік, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, өңірдің барлық аудандары мен елді мекендерінде тұрғындармен кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments