Пятница, 13 марта, 2026
Басты бетЖаңалықтар«Ана – өмір әуені» – өнер мен аналарға тағзым

«Ана – өмір әуені» – өнер мен аналарға тағзым

Жамбыл ауданында көктемнің шуақты мерекелерімен қатар келген ерекше мәдени шара – «Ана – өмір әуені» атты шығармашылық байқау өтті. Шараны «AS Bilim beru ortalygy» ұйымдастырып, жас таланттардың өнерін көпшілікке таныстыруға мүмкіндік жасады.

Байқаудың басты мақсаты – жас өнерпаздардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті дәріптеу.

Іс-шараның ашылуында ұйымдастырушылар барлық қатысушылар мен қонақтарды Наурыз мерекесімен және Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ананың қоғамдағы орны ерекше екендігін атап өтті. Ана – мейірімнің шуағы, өмірдің бастауы, әрбір адамның жүрегіндегі ең қастерлі жан екені сөз болды.

Байқауды ұйымдастырған «AS Bilim beru ortalygy» білім беру саласында 12 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталық жетекшісі Сапарбаева Асем Муратқызының бастамасымен жүздеген шәкірт өнер жолында тәрбиеленіп, республикалық және халықаралық байқауларда жүлделі орындар алып жүр. Қазіргі таңда орталықта 500-ге жуық бала білім алуда.

Байқау бірнеше номинация бойынша өтті. Атап айтқанда:
• би өнері
• эстрадалық вокал
• аспапта ойнау
• көркем сөз

Әр номинацияда бүлдіршіндерден бастап жоғары топтағы өнерпаздарға дейін өз өнерлерін ортаға салды. Сахнада ұлттық билер, заманауи хореография, жүрекке жететін әндер, күй өнері мен поэзиялық шығармалар орындалып, көрермендердің зор қошеметіне ие болды.

Байқауға тәжірибелі өнер майталмандарынан құралған қазылар алқасы әділ бағасын берді. Қатысушылардың өнерін бағалауда олардың сахна мәдениеті, орындаушылық шеберлігі мен шығармашылық деңгейі ескерілді.

Шара барысында жас өнерпаздарды дайындаған жетекшілерге алғыс хаттар табысталып, олардың еңбегі ерекше атап өтілді. Ал байқау қорытындысында үздік өнер көрсеткен қатысушылар III орын, II орын, I орын және Бас жүлде иегерлері атанып, марапатталды.

Бұл шығармашылық байқау жас таланттардың өнерін шыңдап қана қоймай, аналарға деген құрмет пен ризашылықты білдіретін әсерлі мерекеге айналды. Қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған шара көпшіліктің жүрегінде жылы әсер қалдырды.

Осындай өнер мен тәрбиені ұштастырған игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments