Воскресенье, 15 марта, 2026
Басты бетРеферендум-2026Қарасай ауданы — Бүгінгі саяси науқанның әділ әрі ашық өтуін қадағалауда тәуелсіз...

Қарасай ауданы — Бүгінгі саяси науқанның әділ әрі ашық өтуін қадағалауда тәуелсіз байқаушылардың рөлі орасан зор

Сайлау учаскесінде қызмет етіп жатқан байқаушы Жамалхан Перизат Тәттібекқызы дауыс беру барысы мен заңдылықтың сақталуы туралы өз ойымен бөлісті.
Перизат Тәттібекқызының айтуынша, таңғы сағат 07:00-ден бастап учаскедегі жұмыс бекітілген халықаралық стандарттар мен отандық заңнамаға сай жүргізілуде. Ол байқаушы ретінде әрбір сайлаушының еркін таңдау жасауына және комиссия мүшелерінің әрекетіне жіті назар аударуда.
«Байқаушы ретіндегі басты міндетіміз — сайлау процесінің әділдігі мен заңдылығын қамтамасыз ету. Учаске ашылған сәттен бастап біз комиссия мүшелерінің жұмысын, жәшіктердің мөрленуін және азаматтардың кедергісіз дауыс беруін бақылап отырмыз. Қазіргі уақытта ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Тұрғындардың белсенділігі өте жоғары, ал ұйымдастыру жұмыстары халықаралық стандарттарға толық сай келеді», — деп атап өтті Перизат Тәттібекқызы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments