Понедельник, 30 марта, 2026
Басты бетТаза Қазақстан24 сағат қоқыссыз» челленджі

24 сағат қоқыссыз» челленджі

🌱 «24 сағат қоқыссыз» челленджі

Халықаралық қалдықсыз күн аясында Қазақстан Республикасында қалдықтарды тұрақты басқаруға көшу және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылуда. Бұл бағыт Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы шеңберінде жүйелі түрде іске асырылуда.

Осыған орай, Алматы облысы Жамбыл ауданының жастары «24 сағат қоқыссыз» челленджіне қатысты.

Аталған челлендж Қарасай ауданына жолданып, эстафета ретінде жалғасын табуда. Бастама тұрмыстық қалдықтарды азайтуға, саналы тұтыну дағдыларын дамытуға және қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

♻️ Бүгінде елімізде қалдықтарды басқару саласын жаңғырту аясында:
– қалдықтарды есепке алу мен мониторингтің цифрлық жүйесі енгізілуде;
– сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымы дамытылуда;
– ауылдық елді мекендерде қалдықтарды шығару қызметі кеңейтілуде;
– EcoQolday бағдарламасы арқылы қайта өңдеу жүйесі қолдау табуда.

♻️ Челлендж шарты:
– 24 сағат бойы қоқыс шығармауға тырысу;
– бірреттік пластиктен бас тарту;
– қайта пайдаланылатын заттарды қолдану;
– өз тәжірибеңізбен әлеуметтік желіде бөлісу.

🌱 Әрқайсымыздың қарапайым әрекетіміз – үлкен өзгерістердің бастауы.

Баршаңызды табиғатты аялауға және игі бастаманы қолдауға шақырамыз! 🌍

#24сағатқоқыссыз #ТазаҚазақстан #EcoQolday #Экология #ҚалдықсызӨмір #ЖастарБастамасы #ЖамбылАуданы #ҚарасайАуданы #ТабиғаттыҚорғайықIMG_2102

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments