Суббота, 25 апреля, 2026
Басты бетЖаңалықтарМыңбаев ауылы. Ɵз ауылының жанашырлары

Мыңбаев ауылы. Ɵз ауылының жанашырлары

Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылдық округінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік және ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға ауыл тұрғындары, жастар мен белсенді азаматтар белсене қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және халық арасында табиғатқа деген жанашырлықты арттыру. Сенбілік барысында ауыл аумағындағы екі көше қамтылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар көшелерді қоқыстан тазартып, нәтижесінде 1 тонна қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, 100 дана жасыл желек отырғызылды. Бұл ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға және көркін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Іс-шараға жалпы 100 адам қатысып, ұйымдастыру жұмыстарына 2 техника тартылды.
Осындай игі бастамалар табиғатты қорғау ісіне серпін беріп қана қоймай, тұрғындардың ортақ іске деген жауапкершілігін арттыра түседі. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп күтілуде.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments