Талап ауылдық округіне қарасты Сураншы батыр ауылының тұрғыны, баршаңызға қадірлі құдағи, аяулы ана, ардақты әже атанған АБАКОВА Бақытгүл Қурманбайқызының мерейлі 60 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз! Осы қуанышты күні деніне саулық, отбасына амандық, шаңырағына шаттық тілейміз. Әрдайым ұрпақ қызығын көріп, немере-шөберенің ортасында бақытқа бөленсін деген ақжарма лебізімізді арнаймыз.
Құрметіңіз ұлы ақындар еліне,
Бет алдыңыз даналықтың өріне.
Ұрпағыңызды тәрбиелеп өсіріп,
Шықтыңыз Сіз АЛПЫС жастың төріне.
Алла қолдап, алға қадам басыңыз,
Қазыналы той парағын ашыңыз.
Өмір жасыңыз ұзақ болып, Құдай,
Жүзге жетсін жасыңыз!
Құттықтаушылар: Әбу әулеті.



