Пятница, 8 мая, 2026
Басты бетЖаңалықтар«Киелі мұра»: Ұлы Жеңіс рухына тағзым

«Киелі мұра»: Ұлы Жеңіс рухына тағзым

Жамбыл ауданында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Киелі мұра» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштер аумағында кең көлемді абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аталған акцияның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау, ескерткіштердің аумағын күтіп ұстау, жастардың туған жерге деген жанашырлығын арттыру және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.

Іс-шараға жастар, еріктілер, аудан тұрғындары және қоғамдық ұйым өкілдері белсенді қатысты. Жалпы акция аясында 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Қатысушылар ескерткіш маңын қоқыстан тазалап, аумақты абаттандыру, сырлау және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың ерлігіне тағзым жасалып, тарихи орындардың тазалығы мен көркеюіне ерекше көңіл бөлінді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, тарихи жадыны сақтау ісінде маңызды рөл атқарады.

«Киелі мұра» акциясы аудан көлемінде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл игі бастама тұрғындарды қоршаған орта тазалығына жауапкершілікпен қарауға үндеп, қасиетті орындарды қастерлеу мәдениетін нығайтуға бағытталған.

Шараны аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, ауылдық округ әкімдері ұйымдастырды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments