Среда, 13 мая, 2026
Басты бетЖаңалықтарАрдагерлер ұйымының төрағасы Мендебаев Батырханның дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамыз

Ардагерлер ұйымының төрағасы Мендебаев Батырханның дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамыз

Жамбыл ауданының қадірлі азаматы, ел ағасы, білікті басшы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облысының және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы Мендебаев Батырханның дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамыз.

Батырхан Мендебайұлы саналы ғұмырын ел игілігіне, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне арнаған абзал азамат болды. Ол еңбек жолын қарапайым маман ретінде бастап, ұзақ жылдар бойы түрлі жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда, асыл тұқымды мал шаруашылығын өркендетуде, елдің әл-ауқатын жақсартуда өлшеусіз еңбек сіңірді.

Сонымен қатар, халық сеніміне ие болып, ұзақ жылдар аудандық және облыстық мәслихат депутаты ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Ардагерлер ұйымының төрағасы ретінде де ел бірлігі мен ұрпақ сабақтастығын нығайтуға, үлкендер өнегесін дәріптеуге зор үлес қосты.

Батырхан Мендебайұлының еселі еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальдармен және бірқатар марапаттармен атап өтілді.

Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының, жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Батырхан Мендебайұлының жарқын бейнесі мен елі үшін атқарған еңбегі халық жадында мәңгі сақталады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments