Четверг, 14 мая, 2026
Басты бетЖаңалықтар«Таза бейсенбі» аясында Жамбыл ауданында кең көлемді сенбілік өтті

«Таза бейсенбі» аясында Жамбыл ауданында кең көлемді сенбілік өтті

Жамбыл ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті «Таза бейсенбі» санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Ауқымды сенбілік ауданның барлық 24 ауылдық округі аумағында бір мезетте өткізілді.

Тазалық шарасына аудан тұрғындары, жастар, еріктілер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары және ауыл белсенділері белсене қатысты. Сенбілік барысында елді мекен көшелері, саябақтар, әлеуметтік нысандар аумағы, арық-атыздар мен жол бойлары қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ағаш түптері әктеліп, жасыл желектерді күтіп-баптау, шөп шабу, тұрмыстық қалдықтарды шығару және қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстары атқарылды. Арнайы техникалар жұмылдырылып, санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстар күшейтілді.

Аудан тұрғындары экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен туған жердің тазалығын сақтау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті. Осындай игі шаралар арқылы қоршаған ортаны қорғау мен елді мекендердің көркеюіне үлес қосу жалғасуда.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық және абаттандыру жұмыстары Жамбыл ауданында тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments