Пятница, 15 мая, 2026
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында 101 құтқарушы оқытылды

Алматы облысында 101 құтқарушы оқытылды

 

Бүгінгі таңда Алматы облысында құтқарушылар, өрт сөндіруші-құтқарушылар және инспекторлар саны жеткіліксіз. Осы және басқа да мәселелер жөнінде Алматы облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Дінмұхамед Жүнісов өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихат барысында мәлімдеді.
Айтуынша, штат санының аздығы профилактикалық және құтқару жұмыстарын толық көлемде қамтуға кедергі келтіреді.
— Қазіргі таңда көзделген 86 штаттық бірліктің 77-сі ғана толықтырылған, ал 9 бірлік бос. Бұл біліктілік талаптарына байланысты. Яғни, 3 жылдан аз жұмыс істеген қызметкерлерді бас құтқарушы лауазымына тағайындауға болмайды, — деді азаматтық қорғау капитаны.
Сондай-ақ, Қапшағай су қоймасының жағалауында жеке демалыс аймақтарының қызметіне рұқсат етілген аумақтың ұзындығы 45 км құрайтынын ескере отырып, шомылу маусымының қызған кезеңінде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 11 мобильді бекет қойылады. Олардың әрқайсысында 2 құтқарушыдан қызмет атқарады. Осылайша, әр бекеттің жауапкершілік аймағы 4 км-ден асады. Қалыптасқан жағдай шомылу маусымы кезінде халық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.
Бұдан бөлек, Департаменттің оқу-жаттығу базасында коммуналдық және жеке жағажайлардың қоғамдық құтқарушыларын даярлау жалғасуда. Дайындық барысында жүзу, құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары жетілдіріледі. Осылайша, 2025 жылы 101 қоғамдық құтқарушы оқытылды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments