Түркі инвестициялық қорының тиімді рөліне ерекше мән беріледі, ол қаржы ресурстарын шоғырландырудың негізгі құралы және бірлескен жобаларды іске асырудың қозғаушы күші ретінде қарастырылады. Қор инфрақұрылымды дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және кооперациялық байланыстарды кеңейтуге ықпал ете отырып, түркі кеңістігінің заманауи инвестициялық экожүйесін қалыптастыруда жүйелендіруші рөл атқаруға тиіс.
Қорды құру туралы келісімге 2023 жылы қол қойылды.
Қорға қатысушы мемлекеттер: Қазақстан, Әзербайжан, Мажарстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан. Қор капиталы 600 млн. долларды құрайды.
Қор жұмысының негізгі бағыттарына байланыстылық, өңірлік сауда, шағын және орта бизнесті дамыту, жасыл экономика, инновациялар және бірлесіп қаржыландыру жатады.
Астана Қордың тиімді жұмыс істеуі Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағын қоса алғанда, бейінді экономикалық институттар арасындағы үйлестіруді күшейтумен қатар жүруге тиіс екенін атап көрсетеді.



