Астана ортақ тарихи-мәдени мұраны сақтау және дәріптеу жөніндегі бастамаларды дәйекті түрде қолдайды. Еліміз білім мен ғылым салаларындағы ынтымақтастықты, соның ішінде академиялық алмасулар мен бірлескен бағдарламаларды белсенді дамытады. Сондай-ақ, Қазақстан Түркі академиясының түркі әлемінің негізгі зияткерлік платформасы ретіндегі қызметіне жәрдемдеседі.
Еліміз өнер, кино және әдебиет салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға, фестивальдер мен форумдар өткізуге, сондай-ақ мәдениетаралық диалогты нығайтуға ерекше көңіл бөледі



