Бүгін Қарасай аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторымен және колледж педагогтарымен бірлесіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға кезекті рейдтік іс-шара жүргізілді.
Көп жағдайда баланың оқуға деген қызығушылығының төмендеуі отбасы ішіндегі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелермен, ата-аналық бақылаудың жеткіліксіздігімен немесе психологиялық қиындықтармен байланысты болып жатады. Осыған байланысты біздің негізгі мақсатымыз – мәселенің түпкі себебін анықтап, ата-аналармен және балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Рейд барысында отбасылардың тұрмыс жағдайы зерделеніп, балалардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және білім алуға ынталандыру бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Әрбір баланың қауіпсіз әрі бақытты балалық шаққа құқығы бар. Осы бағытта біз отбасыларға қолдау көрсетуді әрі қарай жалғастырамыз.



