Суббота, 20 июня, 2026
Басты бетЖаңалықтарЕрғазы Ернар Еркінұлы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинады

Ерғазы Ернар Еркінұлы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинады

Жамбыл ауданы Ақтерек ауылы Ақтерек орта мектебінің түлегі Ерғазы Ернар Еркінұлы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинап, мектеп тарихындағы үлкен жетістіктердің біріне қол жеткізіп, Ақтерек орта мектебінің абыройын асқақтатты. Бұл – оқушының табанды еңбегі, ата-ананың қолдауы, ұстаздардың білімі мен мектеп ұжымының бірлескен жұмысының нәтижесі.

Ернар өз алдына қойған мақсатына жету жолында аянбай еңбек етіп, білімге деген құштарлығы мен жауапкершілігінің арқасында жоғары нәтиже көрсетті. Тарих пәнінен Жамантаева Роза Ыбырайқызы, география пәнінен Нұржанова Жұлдыз Серікқызы ұстаздарынан алған сапалы білім мен бағыт-бағдары оның жетістігіне үлкен үлес қосты.

Ақтерек орта мектебінде білім сапасы мен оқушы жетістігі әрдайым басты назарда. Мектеп директоры Абдреева Салтанат Нұрсағиқызының білім ордасын дамытудағы, ұстаздарға қолдау көрсетіп, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасаудағы еңбегі ерекше. Басшылық тарапынан жасалған жүйелі жұмыстар, ұстаздардың ізденісі мен оқушыларға деген қамқорлық осындай биік нәтижелерге жол ашып келеді.

Мектебімізде жыл сайын Алтын белгі иегерлері шығып, жоғары көрсеткіштер қалыптасқан дәстүрге айналды. Биылғы ҰБТ қорытындысы бойынша Ернар Еркінұлы 138 балл иегері атанып, мектеп мерейін өсірсе, жүзден жоғары балл жинаған тағы бес оқушымыз бар. Бұл – үлкен еңбек пен маңдай тердің, ұстаздардың бала болашағына деген жауапкершілігінің нәтижесі.

Осындай жетістіктердің артында әр оқушының қабілетін танып, білімге жетелейтін, жүрек жылуымен тәрбие беретін ұстаздарымыздың еңбегі жатыр. Ұстаздарымыз оқушылардың білімді, ізденімпаз, мақсатшыл азамат болып қалыптасуы үшін бар күш-жігерін жұмсауда.

Ернарға және барлық түлектерімізге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, таңдаған мамандықтарының білікті иесі болуына тілектеспіз. Ақтерек орта мектебінің абыройын асқақтатар осындай дарынды шәкірттеріміз көбейе берсін!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments