Шара аясында қысқаметражды фильмдер ұсынылып, анимациялық роликтер байқауында үздік деп танылған қатысушылар марапатталды.
Іс-шараға Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Самет Сәкен Ілиясұлы, сондай-ақ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Көбейсінова Пердегүл Темірқызы қатысты.
Кездесу кезінде студенттер құқықтық мәдениетті дамытуға арналған бейнематериалдарды көріп, анимациялық роликтер байқауына қатысқан шығармашылық жұмыстармен танысты. Арнайы келген қонақтар жастардың тәрбиесі, заңды құрметтеу және қоғам алдындағы жауапкершілік тақырыптарында өз пікірлерін білдірді.
Байқау нәтижесі бойынша төмендегі қатысушылар жеңімпаз атанды:
«Үздік кейіпкер дизайны» – Мехпара Хейдарова
«Тақырыптың ең үздік ашылуы» – Турткульбаева Аселя
«Үздік сценарий» – Шихиев Даулетияр
«Үздік қысқаметражды бейнеролик» – Турова Сабина
Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды. Ал өзге қатысушылар Маңғыстау облысы прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды.



