Пятница, 26 июня, 2026
Басты бетЗаң мен тәртіпЗаң мен тәртіп – қоғамдық қауіпсіздіктің берік тірегі

Заң мен тәртіп – қоғамдық қауіпсіздіктің берік тірегі

Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы ең алдымен заң талаптарының орындалуына байланысты. Заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтық жауапкершілікті сезіну – әрбір адамның маңызды міндеті. Өйткені қауіпсіз қоғам тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша азаматтың ортақ жауапкершілігі арқылы қалыптасады.

Полиция қызметкерлерінің күнделікті міндеті – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі болуы тұрғындардың заң талаптарын сақтауы мен құқықтық мәдениетінің жоғары болуына тікелей байланысты.

Заң үстемдік құрған ортада адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді, қоғамда өзара сыйластық пен сенім орнығады. Керісінше, құқық бұзушылыққа немқұрайлы қарау қоғамдық тәртіптің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан әр азамат заң талаптарын сақтап қана қоймай, қоғамдық қауіпсіздікке қатысты мәселелерге де бейжай қарамағаны жөн.

Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтау – ортақ міндет. Заңды құрметтеу арқылы ғана қауіпсіз, берекелі және болашағы жарқын қоғам құруға болады. Заң мен тәртіпке деген құрмет – ел дамуының, халық әл-ауқатының және қоғамдық келісімнің басты кепілі.

Асхат МАХАНБЕТОВ

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments