Понедельник, 6 июля, 2026
Басты бетЖаңалықтарЖамбыл ауданында домбыра күні аталып өтті

Жамбыл ауданында домбыра күні аталып өтті

Жамбыл аудандық мәдениет үйінде ұлттық руханият пен төл өнерді дәріптеуге арналған Ұлттық Домбыра күні мерекесі кең көлемде аталып өтті. Тағылымды шараға аудан тұрғындары, өнерпаздар, ардагерлер  қауымы қатысып, халқымыздың қасиетті мұрасы – домбыраның маңызын ұлықтады.

Мерекелік іс-шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы жиналған қауымды Ұлттық Домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының төл өнері мен ұлттық құндылықтарын сақтап, келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде ол домбыраның халқымыздың тарихы мен мәдениетін, рухани болмысын айқындайтын қастерлі мұра екенін атап өтіп, ұлттық өнерді дамытуға үлес қосып жүрген өнер иелеріне алғысын білдірді.

Салтанатты шара барысында аудан өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары күмбірлеген күйден шашу шашып, халық әндері орындалды. Көрермендерге қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттайтын концерттік бағдарлама ұсынылып, ұлттық мәдениеттің бай мұрасы кеңінен дәріптелді.

Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен рухани тәрбиені сіңіруге бағытталған тағылымды іс-шаралардың біріне айналды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments