Тұрмыстық зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның ең күрделі әрі жасырын мәселелерінің бірі болып отыр. Оның зардаптары жәбірленушінің физикалық және психикалық денсаулығына ғана емес, балалардың психологиялық дамуына, отбасылық құндылықтардың сақталуына да тікелей әсер етеді.
Зорлық-зомбылықтың кез келген түрі заңсыз болып саналады. Осыған байланысты әрбір азамат зорлық-зомбылыққа төзбеушілік танытып, оның алдын алуға белсене атсалысуы қажет. Жәбірленушілерге уақтылы көмек көрсету, олардың құқықтарын қорғау, заң нормаларын қатаң сақтау – мемлекеттік органдар мен қоғамның ортақ міндеті.
Отбасындағы сыйластық, өзара түсіністік және құрмет – берік шаңырақтың басты тірегі. Тек бірлескен күшпен ғана біз қауіпсіз әрі әділ қоғамды құра аламыз.
#ТұрмыстықЗорлыққаЖолЖоқ #ҚауіпсізҚоғам


