«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы еліміздің барлық өңірінде жалғасып келеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Акция аясында көшелер мен саябақтар тазартылып, өзен-көлдердің жағалаулары қоқыстан арылтылуда. Сонымен қатар ағаш отырғызу, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстарға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еріктілер, жастар ұйымдары мен ауыл тұрғындары белсенді қатысып келеді.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру тек сенбіліктермен шектелмейді. Қоғамдық орындарда тазалық сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастау, табиғатқа жанашырлық таныту – әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.
«Таза Қазақстан» – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келер ұрпақтың да жарқын болашағы үшін қолға алынған маңызды бастама.


