Четверг, 6 августа, 2026
Басты бетЖаңалықтарСуармалы егіншілікті дамыту – аграрлық саланың маңызды бағыты

Суармалы егіншілікті дамыту – аграрлық саланың маңызды бағыты

Жамбыл ауданының Жайсан ауылындағы «BEREKELI ET» шаруа қожалығында еңбек ұжымымен кездесу өтті. Жүздесу барысында аграрлық саланы дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесуде суармалы егіншілікті кеңейту, су ресурстарын тиімді пайдалану және заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, суармалы жер көлемін ұлғайту, су үнемдеу технологияларын қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ ирригациялық және мелиорациялық жүйелерді жаңғырту қажеттігі сөз болды.

Сонымен қатар суару арналарының жағдайын жақсарту, оларды қалпына келтіру және суды тиімді бөлу мәселелері де көтерілді. Шаруа қожалығы қызметкерлері өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, саладағы өзекті түйткілдермен бөлісті.

Мұндай кездесулер ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін беріп, нақты мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments