Дауыс беру күні жақындаған сайын партиялар өңірлердегі сайлауалды жұмысын жалғастырып жатыр. Науқан аясында жергілікті мәселеге ойысып, әр өңірдің өзектітүйткілдері алдыңғы қатарға шығады. Бір жерде – жұмыспен қамту, енді бірінде – экология, өнеркәсіп, әлеуметтік инфрақұрылым немесе ауылды дамыту мәселесі көтеріледі. Жергілікті жердегі кездесулер партия бағдарламасының ел тұрғындарыныңнақты сұранысына қаншалықты сәйкес келетінін бағалаудың маңызды алаңына айналды. Төменде 6 тамыз күні Құрылтай депутаттығына кандидаттардың қай өңірлерге барып, қандай аудиториямен кездескеніне шолу ұсынамыз.
«Әділет» партиясы өңірлердегі жұмысын «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуеніаясында жалғастырды. Қостанай облысында керуеннің бағыты Ұзынкөл, Меңдіқара, Алтынсарин, Әулиекөл және Қарасу аудандарын қамтыды. 700-ден астам ауылтұрғынымен өткен кездесуде жолдардың жағдайы, ауызсумен қамтамасыз ету, байланыссапасы және жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды.
Келесі бағыт Жамбыл облысы болды. Мұнда ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер күнтәртібінде тұрды. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған керуен Жуалыауданындағы шаруа қожалығы мен сүт өңдеу кооперативіне барып, Нұрлыкент ауылыныңтұрғындарымен жеке кездесу өткізді.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия күнді өткен теледебаттарды талдауғаарнады. Партияның республикалық сайлауалды штабында «Жетінші арна» эфиріндепартия атынан пікірсайысқа қатысқан Құрылтай депутаттығына кандидат МақсұтНасибуловтың сөзі талқыланды.
Сайлауалды күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі төрт күндік жұмыс аптасынакөшу мәселесі болды. Бұл бастама қоғамда кең пікірталас туғызды. ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов Respublica партиясы өкілдерінің сын-пікіріне жауап беріп, төрт күндікжұмыс аптасы енгізілген немесе енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқан елдердіңтәжірибесі ескеріліп отырғанын айтты.
«Байтақ» партиясы бірден бірнеше өңірде кездесу өткізді. Петропавлда еріктілер мен кандидат Алмаз Жакишев үй-үйді аралау форматында жұмыс жүргізіп, партия мәліметінше, 300-ден астам тұрғынмен тілдесті.
Жетісу облысының Мұқыры ауылында кандидат Темірлан Файзулин ауыл тұрғындарыменэкотуризмді дамыту мәселесін талқылады. Кандидат Владимир Мартель Алматы ауырмашина жасау зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, өндірісті экологиялық жаңғыртутақырыбын көтерді.
Ал Шымкентте Түркістан көшесінің тұрғындарымен кездесуде жағымсыз иіс мәселесі сөзболды. Сонымен қатар партия өкілдері Алматыдағы №15 емханада медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын, ал Ақтөбе облысындағы балабақшада экологиялықтәрбиені дамыту мәселесін талқылады.
Қазақстан халық партиясы бірнеше облыста еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Кандидаттар Болат Смағұлов пен Нұржан Бияқаев Еңбек мобильділігі орталығыныңұжымымен кездесіп, жұмыспен қамту мәселесін талқылады.
Атырауда «Банк ЦентрКредит» филиалының қызметкерлерімен, Өскеменде автопарк ұжымымен кездесу өтті. Онда жүргізушілердің жалақысы, кадр тапшылығы және еңбекқауіпсіздігі мәселесі көтерілді.
Қарағандыда кандидаттар «ГорКомТранс» кәсіпорнының ұжымымен, Павлодар облысында дәрігерлік амбулатория мен «Ertis Su» кәсіпорнының қызметкерлеріменкездесті. Сондай-ақ партия Қарағанды индустриялық университетіндегі кездесуден кейін40 адамның партия қатарына өткенін хабарлады.
«Ауыл» партиясы Қарағанды облысындағы Шахтер ауылдық округінде сайлауалдыжұмысын жалғастырды. Мұнда партия өкілдері «Шахтерское» ЖШС ұжымымен және ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметімен танысты.
Кездесулер барысында элиталық тұқым шаруашылығын дамыту, аграрлық сектордымемлекеттік қолдау, заманауи агротехнологияларды енгізу, жер мен су ресурстарын тиімдіпайдалану, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауылинфрақұрылымын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
Сондай-ақ партия өкілдері Нұра ауданындағы Шахтер ауылына барып, тұрғындарменжәне шаруашылық ұжымымен кездесті. Олар егістік алқаптарын, суару жүйелерін және өндірістік нысандарды аралады. Кездесу барысында ауылдық аумақтарды дамыту, ауылшаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеу, сондай-ақ ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелері көтерілді.
«Ақ жол» демократиялық партиясы төраға Дания Еспаева бастаған делегацияменАлматыдағы «Үркер-АШ» ЖШС еңбек ұжымымен және логистика саласыныңөкілдерімен кездесті. Онда өндірісті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды.
Кандидат Виктор Микрюков партияның Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) жүйесінде азаматтардың жеке шоттарын енгізу жөніндегі ұсынысынтаныстырды. Түркістан облысында партия филиалының өкілдері «Атлант» шипажайыныңұжымымен кездесті.
Respublica партиясы Шымкенттегі жұмысын алюминий профильдері мен кабель өнімдерін шығаратын Alutech кәсіпорнына барудан бастады. Кандидаттар өндірісбарысымен танысып, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.
Партия өкілдері Шымкент пен Түркістан облысындағы бірқатар кәсіпорындардың еңбекұжымдарымен кездесті. «Алтын дән» кәсіпорнында өндірісті дамыту, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала мәселесі талқыланды.
Леңгір ауданында партия өкілдері «Балмұздақ» ЖШС-не барып, электрмен жабдықтаудыңсенімділігі, инженерлік инфрақұрылым және өндірісті дамыту мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ отандық шикізаттан өнім өндіретін «Шымкентмай» АҚ-да болып, отандықөндірісті қолдау, экспортты дамыту, цифрландыру, жасанды интеллект технологияларыненгізу, студенттік жатақханалар салу және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырумәселесін талқылады.
Осылайша, сайлауалды науқанның кезекті кезеңі ірі қалалар мен ауылдық елді мекендердіқатар қамтыған өңірлік кездесу форматында жалғасып жатыр. Көтерілген мәселелер әрөңірдің ерекшелігі мен кәсіпорындардың қызмет бағытына қарай әртүрлі болғанымен, басым бөлігі экономика, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, инфрақұрылым, әлеуметтіксала, денсаулық сақтау, экология және халықтың өмір сүру сапасын арттырутақырыптарына арналды.


