Вторник, 18 августа, 2026
Басты бетЖаңалықтарЕгін жинау қарқыны былтырғыдан екі есе жоғары - орташа өнімділік гектарынан 14,6...

Егін жинау қарқыны былтырғыдан екі есе жоғары — орташа өнімділік гектарынан 14,6 центнер 

Жаппай егін жинау науқаны еліміздің барлық негізгі аграрлық аймақтарында 2026 жылдың 15 тамызында басталды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда 2,6 млн гектардан дәнді дақылдар жиналды. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 1,3 млн гектар болған еді.

17 тамыздағы мәлімет бойынша орташа өнімділік гектарынан 14,6 центнерді құрады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлері бойынша оң динамика байқалады.

Әртараптандыру шеңберінде бидайдың егістік алқаптары 875 мың гектарға қысқартылды. Соған қарамастан жалпы өнім көлемі өсіп келеді. Бұл әр гектардан алынатын өнімнің артып, қолданыстағы егістік алқаптардың тиімдірек пайдаланылып отырғанын көрсетеді.

Басқа да негізгі дақылдар бойынша бүгінгі таңда 513 мың тонна картоп, 1,1 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments