Среда, 19 августа, 2026
Басты бетЖаңалықтарАуыл тұрғындарына баспана бағдарламаларын қолжетімді етуді ұсынады

Ауыл тұрғындарына баспана бағдарламаларын қолжетімді етуді ұсынады

Мәтібұлақ ауылында жергілікті тұрғындармен кездесу өтіп, ауылдағы баспана тапшылығы, жас отбасылар мен мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.

Ауыл тұрғындарына қаламен бірдей тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін беру, ауылдық жерлерде жаңа үйлер салу және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне назар аударылды.

Сондай-ақ ауылға қажетті мұғалімдер, дәрігерлер және басқа да мамандардың ауылда тұрақтап қалуына жағдай жасау, баспанамен қатар әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру қажеттігі айтылды.

Кездесуде ипотеканы рәсімдеу құнын төмендету, құжаттарды цифрландыру арқылы баспана алу рәсімін жеңілдету және мемлекеттік тұрғын үй көмегін шын мұқтаж отбасыларға бағыттау жөнінде ұсыныстар айтылды.

Жиын барысында тұрғындар ауылдағы баспана және әлеуметтік мәселелерге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments