Четверг, 20 августа, 2026
Басты бетЗаң мен тәртіпДропперлікке жол жоқ

Дропперлікке жол жоқ

Интернет-алаяқтықпен күресте соңғы уақытта дропперлік мәселесіне ерекше назар аударылуда. Дропперлер – алаяқтық жолмен алынған ақшаны қабылдау, аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру үшін өздерінің банк шоттарын немесе карталарын пайдалануға беретін адамдар.

Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысында интернет-алаяқтарға қызмет көрсеткен дропперлер желісін анықтады. Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ 150-ден астам дропперді тартқан. 16 өңірден 80 жәбірленуші анықталып, келтірілген залал 120 млн теңгеден асқан.

Бұл жағдай азаматтардың өз банк шоттарын бөгде адамдарға бермеуінің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. «Картаңды жалға беремін» немесе «ақша өткізіп бергенің үшін сыйақы аласың» деген ұсыныстардың заңдық салдары болуы мүмкін.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments