Құрылтай жұмысы халықтың көкейіндегі түйткілдерді ескеруге, өзекті мәселелерді ашық талқылауға және мемлекет дамуының стратегиялық басымдықтарын айқындауға жол ашады. Бүгінгі таңда еліміздің тұрақты өркендеуі тек мемлекеттік органдардың қызметімен ғана өлшенбейді, ол әрбір азаматтың қоғамдық өмірдегі белсенділігіне тығыз байланысты. Әрбір тұлғаның өз пікірін еркін білдіруі, ортақ іске атсалысуы және ел болашағына жауапкершілікпен қарауы – кемелденген азаматтық қоғамның басты белгісі.
Құрылтайдың түпкі мәні де осында жатыр. Бұл алаң – әртүрлі көзқарастар мен құнды ұсыныстар тоғысатын, билік пен қоғам арасындағы алтын көпірді нығайтатын парасатты диалог ордасы. Мұнда көтерілген әрбір бастама елдің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени әлеуетін арттыруға бағытталады.
Әр азаматтың саналы таңдауы мен ұстанымы – туған жердің өсіп-өнуіне қосылған өлшеусіз үлес. Сондықтан елдік істерге үн қосып, қоғамдық үдерістерге белсене қатысу – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Алматы облысының “ТІЛ” оқу-әлістемелік орталығы КММ-нің Жамбыл аудандық филиалының мемлекеттік тілден оқытушысы


