Арқарлы ауылындағы №320 сайлау учаскесінде маңызды азаматтық оқиға өтті. Учаскеге арнайы келген жас отбасы өздерінің конституциялық құқығын пайдаланып, таңдау жасады.
Ұлттық нақыштағы киіммен келген жас жұбайлар өз азаматтық белсенділіктерін танытып, ел болашағына өз үлестерін қосты. Мұндай қадамдар ауыл тұрғындарының ынтымағы мен болашаққа деген сенімін көрсетеді.


