Воскресенье, 23 августа, 2026
Басты бет23 тамыз - Құрылтай сайлауыВелосипедпен сайлауға жол тартты: Алматы облысында велошеру ұйымдастырылды

Велосипедпен сайлауға жол тартты: Алматы облысында велошеру ұйымдастырылды

Құрылтай депутаттарын сайлау күні Талғар ауданында 15 кәсіби велошабандоз аудан көшелерімен жүріп өтіп, шеру аяқталған соң сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Велошеру түрлі жастағы спортшылардың басын қосып, салауатты өмір салты мен спортты ел үшін маңызды оқиғамен ұштастыруға мүмкіндік берді.

*«Бұл акция азаматтық ұстаным әр адам өмірінің ажырамас бөлігі екенін көрсетті. Спорт пен қоғам алдындағы жауапкершілік тоғысып, бірін-бірі толықтырды»,* – деді Алматы облысының велоспорттан аға жаттықтырушысы Евгений Пеляйкин.
Талғардың велоспорт мектебі Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жетекші мектептердің бірі саналады. Мұнда спорт резерві дайындалады. Тәрбиеленушілер жастар және ересектер құрамасына тұрақты түрде еніп, Қазақстан намысын түрлі деңгейдегі жарыстарда қорғап жүр.
Спортшылардың велошеруі сайлау учаскесінде аяқталды. Кейін олар учаскеге кіріп, бюллетеньдерін алып, Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауында өз таңдауын жасады.

*Алматы облысының ӨКҚ*

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments