Воскресенье, 23 августа, 2026
Басты бет23 тамыз - Құрылтай сайлауы«Құрылтай және менің туған күнім» атты ерекше челлендж өтті

«Құрылтай және менің туған күнім» атты ерекше челлендж өтті

Алматы облысы Жамбыл ауданында Дауыс беру күні барлық сайлау учаскелерінде «Құрылтай және менің туған күнім» атты ерекше тақырыптық челлендж ұйымдастырылды. Бастама туған күні маңызды қоғамдық-саяси оқиғамен тұспа-тұс келген азаматтарды біріктірді.
Челленджге қатысушылар өздерінің ерекше әсерлерімен бөлісіп, туған күнінде дауыс беруге қатысу бұл күннің маңызын арттырып, оны одан әрі есте қаларлық сәтке айналдырғанын жеткізді.
Сайлау учаскелерінде туған күн иелеріне жылы лебіз білдіріліп, зор денсаулық, амандық, бақыт және барлық игі тілектерінің орындалуы тіленді. Жеке мереке мен Құрылтайға қатысу сияқты екі маңызды оқиғаның бір күнге сәйкес келуі қатысушыларға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.
«Құрылтай және менің туған күнім» челленджі азаматтық белсенділік пен өмірдегі қуанышты сәттердің үйлесімін көрсетіп, қатысушыларға жарқын эмоциялар мен жақсы әсер сыйлаған ерекше бастамаға айналды.

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments