Қоқысты жерге тастамау, қалдықтарды сұрыптау, су мен электрді үнемдеу, ағаш отырғызу – осы қарапайым әрекеттер елдің экологиялық ахуалын түбегейлі өзгертеді. Акция идеясы биліктің, бизнестің, волонтерлердің және әрбір азаматтың ортақ ісіне айналуы тиіс. Таза аула, көркем көше, жасыл саябақ – бәрі біздің қолымызбен. Егер әркім өзінен бастаса, Қазақстан әлемнің ең таза елдерінің біріне айналады. Жауапкершілік әркімде. Өзгеріс бүгіннен басталады. Тазалық – әдет, емес, міндет.


