Вторник, 8 сентября, 2026
Басты бетЖаңалықтарІЛЕ АУДАНЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

ІЛЕ АУДАНЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Халықты жұмыспен қамту, жұмыс іздеушілерге жаңа мүмкіндіктер ұсыну және жұмыс берушілер мен азаматтар арасындағы тікелей байланысты нығайту мақсатында Іле ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Жәрмеңке 9 қыркүйек күні сағат 10:00-де Өтеген батыр ауылының Нұрғиса Тлендиев атындағы Мәдениет үйінде өтеді. Іс-шара Іле ауданы әкімдігі мен аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен өткізіледі.

Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілер аудан аумағындағы түрлі саладағы жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, ұсынылып отырған бос жұмыс орындарымен таныса алады. Сонымен қатар өзіне лайықты жұмыс орнын таңдап, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Мұндай шаралар еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты тиімді үйлестіруге, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін Іле ауданында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 30-дан астам жұмыс беруші қатысып, 400-ден астам бос жұмыс орны ұсынылған болатын.

Азаматтарды өз мүмкіндіктерін пайдаланып, жәрмеңкеге белсенді қатысуға шақырамыз.

Жұмыс бар! Мүмкіндік бар!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments