Науқанның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрмыстық жанжалдарға дер кезінде ден қою және жәбірленушілерге көрсетілетін көмек түрлері туралы ақпараттандыру.
Науқан барысында полиция қызметкерлері халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, зорлық-зомбылықтың белгілері мен оның алдын алу шаралары туралы ақпарат береді.


