Еліміздің мектептерінде оқушылардың сабақ кезінде смартфон пайдалану тәртібі бекітілді. Сабақ басталғанға дейін телефонды дыбыссыз режимге қою немесе толық өшіру қажет.
Сабақ үстінде телефонды тек 3 жағдайда қолдануға болады:
✅ Мұғалім оқу тапсырмасын орындау үшін рұқсат етсе
✅ Оқушының немесе басқа адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе
✅ Құрылғыны денсаулық жағдайына байланысты пайдалану қажет болса
Неге назар аудару керек?
🔹 Оқу тапсырмасы кезінде смартфонды тек мұғалім берген мақсатта қолдану керек
🔹 Фото, аудио және бейне түсіруге мұғалімнің рұқсаты қажет
🔹 Ата-ана мен оқушы арасында шұғыл байланыс үшін мектептің ішкі тәртібінде арнайы нөмір көрсетілуі тиіс
Тәртіп — білімнің негізі. 📚
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#мектеп #смартфон #білім #оқушы #мұғалім #Қазақстан #тәртіп #атааналар #жаңалықтар #Atameken_press


