Іс-шараның негізгі мақсаты – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Мерекелік кешке ақ жаулықты әжелер мен ардақты аналар қатысып, ән айтып, би билеп, өлең оқып, түрлі ұлттық ойындар мен көңілді сайыстарға белсене қатысты.
Шараның ерекше бөлігі – «Бауырсақ Fest» болды. Қатысушылар өз қолдарымен дайындаған бауырсақтарын ұсынып, қазақтың ұлттық тағамының қадір-қасиеті мен дастархан мәдениетін дәріптеді.
Кеш барысында «ӘDILET» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Әділбек Қамбарұлының атынан Алғыс хаттар табысталып, белсенді қатысушыларға құрмет көрсетілді.
Ақ жаулықты әжелер ақ батасын беріп, жастарға өнегелі өсиеттерін арнады. Мұндай тағылымды кездесулер – ұрпақтар арасындағы алтын көпірді нығайтып, ұлттық салт-дәстүрімізді кейінгі буынға жеткізудің маңызды жолы.
Қарттарымыз аман, баталы ел болайық! Шаңырақтарымыздан береке кетпей, ұрпақтар сабақтастығы жалғаса берсін!


