Пятница, 9 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтарЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ, ӨНІМІҢ КЕТПЕС КЕМІНДЕЙ

ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ, ӨНІМІҢ КЕТПЕС КЕМІНДЕЙ

«Бақбол» шаруа қожалығы биыл 260 гектар жерге егін екті
Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды салаларының бірі. Жерді тиімді пайдаланып, сапалы өнім өндіру – ауыл берекесін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін негізгі бағыттардың бірі. Осы орайда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сарытауқұм ауылдық округінде орналасқан «Бақбол» шаруа қожалығының атқарып жатқан жұмыстары көңіл қуантады.
Шаруашылық биылғы жылы егіс көлемін 260 гектарға жеткізіп, мол өнім алуды мақсат етіп отыр. Оның ішінде 200 гектар жерге жүгері, ал 60 гектарға бақша дақылдары егілген. Бұл – жерді тиімді игеріп, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың көрінісі.
Шаруа қожалығының басшысы Нұрмұқанбет Қуанышбектің айтуынша, биылғы егін науқаны жоспарға сай жүргізіліп, күзгі жиын-терінге дайындық жұмыстары қолға алынған. Атап айтқанда, жүгері жинау жұмыстары 20 қазанға жоспарланып отыр. Алдағы міндет – өнімді уақытылы жинап, сапасын сақтай отырып, науқанды ойдағыдай аяқтау.
Жердің бабын тауып, өнім алу – үлкен жауапкершілік пен тынымсыз еңбекті талап ететін жұмыс. Әсіресе, егіс науқаны кезінде әрбір істің өз мерзімінде атқарылуы маңызды. Тұқым себуден бастап, егісті күтіп-баптау мен өнім жинауға дейінгі жұмыстардың сапалы ұйымдастырылуы шаруашылықтың нәтижесіне тікелей әсер етеді. Сондықтан диқандар үшін күзгі жиын-терін кезеңі – жыл бойғы еңбектің қорытындысын шығаратын жауапты уақыт.
«Бақбол» шаруа қожалығының егіс көлемі мен өндіріс ауқымын ұлғайтуға бағытталған жұмыстары Сарытауқұм ауылдық округіндегі ауыл шаруашылығы саласының дамуына өзіндік үлес қосады. Егіншілікпен айналысу арқылы жер ресурстары тиімді пайдаланылып, ауылдағы еңбек дәстүрі жалғасын табады. Сонымен қатар мұндай шаруашылықтардың тұрақты жұмыс істеуі ауыл экономикасының нығаюына да оң ықпал етеді.
Қазақ халқы ежелден жерді қадірлеп, егіншілік пен мал шаруашылығын тіршілігінің негізгі тірегіне айналдырған. «Жер – ырыстың кіндігі» деген ұлағатты сөздің мәні де осында. Жерге маңдай терін төккен диқанның еңбегі әрдайым құрметке лайық. Өйткені ел ырысының артуы мен ауылдың өркендеуі адал еңбекпен, табанды тірлікпен тығыз байланысты.
Биылғы жылы 260 гектар алқапқа егін еккен «Бақбол» шаруа қожалығының ұжымы да күзгі науқанды сәтті аяқтап, мол өнімге қол жеткізуді көздеп отыр. Ендігі кезекте егіннің бітік шығып, атқарылған еңбектің нәтижесі еселенуі маңызды.
Еңбек еленіп, өнім мол болсын! Диқандардың маңдай тері ақталып, берекелі күз ауылға молшылық пен ырыс әкелсін! Сарытауқұм ауылдық округ әкімі Жанахметов Айдын

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments