Вторник, 13 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🐟 Алматы облысында ірі балық өсіру кәсіпорны ашылды

🐟 Алматы облысында ірі балық өсіру кәсіпорны ашылды

 

Іле ауданында «Бақыт» балық өсіру кәсіпорны ашылды. Жобаға 500 млн теңге инвестиция салынды. Келесі жылы мұнда жылына 400 тоннаға дейін балық өндіру жоспарланып отыр.

Кәсіпорын М. Түймебаев ауылында орналасқан. Балық көлде орнатылған арнайы торлы садоктарда өсіріледі.

Шаруашылық 12 садокты пайдаланып, қазірдің өзінде 100 тоннадан астам өнім өндірді. Келесі жылы олардың санын 30-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар кәсіпорын балық өсіру садоктарының құрылымдары мен жинақтаушы бөлшектерін өзі жасайды. Әкімдіктің дерегінше, бұл — Қазақстандағы осындай алғашқы өндіріс.

Қазір кәсіпорында 15 маман жұмыс істейді. Өндіріс кеңейген соң жұмыс орындарының саны 45–50-ге жетуі мүмкін.

«Ауылымызда осындай жақсы жоба жүзеге асып жатқаны қуантады. Бір кездері көліміздегі балық шаруашылығы жақсы дамыған, бірақ қиын кезеңдерде құлдырады. Бұл саланың қайта жанданып келе жатқанына қуаныштымын», — деді ауыл тұрғыны Әмзе Исаев.

Барлығы Алматы облысында 53 балық өсіру шаруашылығы жұмыс істейді. Өткен жылы олар 5,8 мың тонна балық өндірді. Биыл көлемді 10 мың тоннаға, ал 2030 жылға қарай 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#Алматыоблысы #балықөсіру #Бақыт #Ілеауданы #инвестиция #Қазақстан #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments