Понедельник, 12 октября, 2026
Басты бетӘділет партиясыКӘСІПОДАҚ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

КӘСІПОДАҚ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

 

«Әділет» партиясы Жамбыл аудандық филиалы мен аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Ұзынағаш ауылындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясында Кәсіподақ күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға «Әділет» партиясы Жамбыл аудандық филиалының консультанты Ақерке Манарбекқызы Керембекова, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сания Қабдрашқызы Бижүменова және аудандық білім бөлімінің басшысы Светлана Амантайқызы Алтынбекова қатысып, жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтады.

Мерекелік жиын барысында аудандық кәсіподақ ұйымының бірқатар мүшесіне еңбектегі белсенділігі мен кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесі үшін «Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Данияр Алдабергенұлы Қасқарауовтың атынан арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Бұл марапаттар – адал еңбекке көрсетілген құрмет пен қоғамдық белсенділіктің бағасы.

Барша кәсіподақ мүшелеріне толағай табыс, еңбектеріне береке, отбасыларына амандық тілейміз!

#ӘділетПартиясы #ЖамбылАуданы #КәсіподақКүні #АлматыОблысы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments