Вторник, 13 октября, 2026
Басты бетAtamekenСөз бостандығы – ашық қоғамның негізі

Сөз бостандығы – ашық қоғамның негізі

Жаңа Конституцияда бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне айрықша мән берілуі – еліміздегі сөз бостандығын, ақпараттық ашықтықты және демократиялық құндылықтарды нығайту жолындағы маңызды қадам. Себебі бұқаралық ақпарат құралдары – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір, халықтың мұң-мұқтажын жеткізетін, ел ішіндегі өзекті мәселелерді көтеретін және қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды институт.

Бүгінде журналистика саласының қоғам өміріндегі орны ерекше. Халықтың шынайы әрі жедел ақпарат алуына мүмкіндік жасау, журналистердің кәсіби қызметіне құрметпен қарау және олардың заңды құқықтарын қорғау – өркениетті қоғамның басты талаптарының бірі. Осы тұрғыдан алғанда, Конституция деңгейінде ақпарат саласына қатысты қағидаттардың бекітілуі бұқаралық ақпарат құралдарының маңызын арттырып, журналистиканың одан әрі дамуына жол ашады деп есептеймін.

Еркін әрі жауапты журналистика қоғамдық бақылаудың нығаюына, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығына және азаматтардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан БАҚ саласына қатысты оң өзгерістерді елдің болашағы үшін жасалған маңызды қадам деп бағалаймын. Өйткені шынайы ақпарат, ашық пікір және жауапты журналистика бар жерде қоғамның сенімі де арта түседі. Ал қоғам сенімі – мемлекет дамуының берік негіздерінің бірі.

Назира Адақ

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments