Среда, 14 октября, 2026
Басты бетAtamekenКонституциялық кепілдіктер – нотариат саласының сенімді негізі

Конституциялық кепілдіктер – нотариат саласының сенімді негізі

 

Жаңа Конституцияда заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттарына басымдық берілуі – құқықтық мемлекетті нығайтудың маңызды шарты. Бұл бағыттағы өзгерістер нотариат саласының да қоғамдағы рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Өйткені нотариус – азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, мәмілелердің заңдылығын қамтамасыз етуге және құқықтық қатынастардың тұрақтылығын сақтауға үлес қосатын маңызды құқықтық институт өкілі.

Нотариат қызметінің негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал ету, құжаттарды заң талаптарына сәйкес рәсімдеу және тараптардың құқықтары мен міндеттерінің сақталуына жағдай жасау. Мұрагерлік, мүлікті иеліктен шығару, сенімхат беру және өзге де заңдық мәселелерде нотариустың кәсіби көмегі азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, құқықтық даулардың алдын алуға да мүмкіндік береді.

Конституцияда бекітілген заңдылық пен құқықтық қорғалу қағидаттарының маңызы нотариат қызметінде де айқын көрініс табады. Әрбір азаматтың өз құқығын білуі, заңды шешім қабылдауы және құқықтық көмекке қол жеткізуі – әділетті қоғам қалыптастырудың негізгі шарттары. Осы тұрғыдан алғанда, нотариустың қызметі азаматтардың мемлекетке және құқықтық жүйеге деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Менің ойымша, конституциялық қағидаттарды күнделікті кәсіби қызметте басшылыққа алу, заң талаптарын қатаң сақтау және азаматтарға сапалы құқықтық қызмет көрсету – нотариат саласы мамандарының басты міндеті. Заң үстемдігі берік орныққан қоғамда әрбір азамат өз құқығының қорғалатынына сенімді болады. Ал осындай сенімді қалыптастыруда нотариат институтының орны ерекше.
Сыдыкова Сандугаш

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments