Четверг, 15 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар🚱 Абай облысында сапасыз су берудің алды алынды

🚱 Абай облысында сапасыз су берудің алды алынды

 

Мақаншы ауданында сумен жабдықтаудағы бұзушылықтар анықталды. Тұрғындардың денсаулығына елеулі қатер төнген.

«Буғыбай, Қызылбұлақ және Қызылжұлдыз ауылдарындағы блочно-модульдік станцияларда суды сүзгілеу жүйелері жоқ. Бұл нысандарда санитарлық-қорғау аймақтары анықталмаған және қажетті санитарлық қорытындылар алынмаған», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қадағалау органының дерегінше, Бекет және Қабанбай ауылдарындағы құны екі млрд теңгеден асатын су құбырлары желілері құрылыстан кейін коммуналдық кәсіпорынның балансына берілмеген. Нысандар қызмет көрсетусіз қалған.

Прокуратура бұзушылықтарды жоюды талап етті. Қазір жергілікті шенеуніктер шара қабылдап жатыр.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#Абайоблысы #Мақаншы #су #прокуратура #сапа #Қазақстан #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments