Үкімет пен Ұлттық банк инфляциялық қысымды төмендету шараларын қабылдап жатыр. Қыркүйекте жылдық инфляция көрсеткіші 9,3% деңгейінде тіркелді, ал тамызда ол 9,8% болатын. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.
Оның айтуынша, баяулаудың басты факторы – азық-түлік тауарларының қымбаттау қарқынының қысқаруы. Қыркүйекте олардың бағасы 0,1%-ға төмендеді.
«Инфляцияны тежеу — Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысының бағыттарының бірі. Инфляцияның баяулауы аясында ағымдағы жылдың екінші тоқсанында халықтың нақты ақшалай табыстары бірінші тоқсандағы 0,1%-ға қарсы 0,7%-ға өсті», — деп атап өтті вице-премьер.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#инфляция #Жұманғарин #Үкімет #Ұлттықбанк #экономика #Қазақстан #жаңалықтар


