Четверг, 15 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтар📈 ҚР-да кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны шамамен үштен бірге өсті

📈 ҚР-да кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны шамамен үштен бірге өсті

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ескергенде, Қазақстандағы бизнес субъектілерінің жалпы саны 32,5%-ға артып, 3,2 млн-ға жетті. Жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін кәсіпкерлердің саны 28%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, азаматтардың көлеңкелі экономикадан шығуы үшін барлық жағдай жасалған. Бүгінде 981 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам бар, оның 807 мыңы алғаш рет салық есебіне тіркелген.

«2026 жылдың тоғыз айында 277 мың жаңа кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, оның ішінде 34,7 мың заңды тұлға және 242,3 мың ЖК», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press

#кәсіпкерлік #өзінөзіжұмыспенқамту #Жұманғарин #Үкімет #экономика #Қазақстан #жаңалықтар

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments