Пятница, 23 октября, 2026
Басты бетЖаңалықтарЖАС ЧЕМПИОНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖАС ЧЕМПИОНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

 

2026 жылдың 10 қазанында Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының Қазан қаласында жасөспірімдер арасында бразилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті.
Атап айтқанда, ілелік жас спортшылар Молов Даминиан Мартинович пен Юсупов Мухамад Махмудович қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионы атанса, Юсупова Патимат Махмудовна жүлделі ІІ орынды иеленді.
Бұл жеңіс – жас спортшылардың табанды еңбегі мен қажырлы дайындығының, жеңіске деген жігері мен жаттықтырушысының кәсіби шеберлігінің жарқын нәтижесі.
Осы айтулы жетістікке орай, 22 қазан күні Іле ауданы әкімдігінде әлемдік додада топ жарған жас спортшыларға құрмет көрсетілді.
Аудан әкімінің орынбасары Асқар Жұмаханұлы Садықов жас чемпиондарды арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Сондай-ақ аудан әкімі Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетовтың құттықтау лебізін жеткізіп, халықаралық аренадағы әрбір жеңіс ел абыройын асқақтатып қана қоймай, өскелең ұрпақты спортқа баулуда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Салтанатты қабылдау барысында жас спортшылар Іле ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, жас чемпиондарды үлкен додаға дайындап, олардың спорттық шеберлігін шыңдауға өлшеусіз үлес қосқан жаттықтырушы Юсупов Махмуд Юсуповичке де арнайы марапат тапсырылды.
Әсіресе, бұл жеңістің еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – Республика күні қарсаңында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында орын алуының символдық мәні ерекше. Жас чемпиондардың жарқын жеңісі – ел мерейін үстем еткен, тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатқан айтулы жетістік.
Бүгінгі жас чемпиондар – ертеңгі ел мақтанышы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments