«Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының аумағында қауіпсіздік режимі мен құқық тәртібін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Үкіметі мен Қытай Үкіметі арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы дайындалды.
Келісімде құзыретті органдар өз өкілеттіктері шегінде кез келген құқыққа қарсы әрекеттерді — оның ішінде Орталық аумағында тараптардың бірінің ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіретін әрекеттерді — алдын алу, анықтау, жолын кесу және тергеу бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Бұл Орталық аумағында тұратын олардың тұрғындарына, үшінші мемлекеттердің азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
Сонымен қатар іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтау және ұстау мәселелері де қарастырылған.
Құжат «Ашық НҚА» сайтында 18 қарашаға дейін жария талқылауға қойылды.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Хоргос #Қазақстан #Қытай #қауіпсіздік #келісім #жаңалықтар


