Автомобиль жолдарын жаңғырту, теміржол желілерін дамыту және өткізу бекеттерін заманауи талаптарға сай қайта құру жүк тасымалын жеделдетіп, кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Әсіресе, отандық тасымалдаушыларды қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға және ұлттық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға болады. Жол құрылысына қойылатын басты талап – сапа мен жауапкершілік. Республикалық маңызы бар жолдармен қатар, ауылдар мен елді мекендерді байланыстыратын жергілікті жолдардың да жағдайы жақсарса, оның игілігін әрбір тұрғын сезінеді. Ең бастысы, қолға алынған жобалар нақты нәтижесін беріп, қауіпсіз әрі сапалы жолдар ел игілігіне қызмет етсін!
Атамекен ақпарат


