5–7 қарашада астанада бірқатар халықаралық саяси іс-шара өтеді, сондықтан көшелердің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Іс-шаралар арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен ҚР Қарулы Күштерінің ресурстарын пайдалануды көздейді.
Сонымен қатар 1 қарашадан бастап елорданың әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары жүргізіледі, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік күзет қызметі.
Астана тұрғындары мен қонақтарын халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шара кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.
📸 ҚР Мемлекеттік күзет қызметі
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Астана #әскериавиация #қауіпсіздік #ісшара #Қазақстан #жаңалықтар


